16.03.2012, 15:26 3396

Б.Жұмағұлов Петропавлда инновациялық жобалар көрмесіне барды

Петропавл қаласындағы Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өтіп жатқан инновациялық жобалар көрмесінде Білім және ғылым министрі мектептерге арналған жаңа интерактивтік құрылғылармен және химия, физика, биология пәндері бойынша 3D-оқыту бағдарламаларымен танысты.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов инновациялық жобалар көрмесінде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Петропавл қаласындағы Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өтіп жатқан инновациялық жобалар көрмесінде Білім және ғылым министрі мектептерге арналған жаңа интерактивтік құрылғылармен және химия, физика, биология пәндері бойынша 3D-оқыту бағдарламаларымен танысты.

Сондай-ақ көрмеге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушыларының жобалары қойылған.

Олардың арасында отандық өнімдердің сапасын арттыру, оқыту үрдісін автоматтандыру, салалық аймақтық орталықтар құру, экспортты алмастырушы тауарлар мен экологиялық таза фитопрепараттар дайындау жобалары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны