14.04.2020, 17:55 8890

БАӘ-ден елге жеткізілген 135 азамат Талдықорған мен Текеліден тұрғылықты жерлеріне қайтарыла бастады

Елге келгенге дейін де БАӘ-де бірнеше күн карантинде болған бұл жолаушылардың бәрінен келген бетте тиісті анализдер алынып, қорытындысы таза болып шыққан еді. Енді облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес осы азаматтарды тұрғылықты жерлеріне тегін жеткізіп салу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - БАӘ-ден елге жеткізілген 135 азамат Талдықорған мен Текеліден тұрғылықты жерлеріне қайтарыла бастады.

Талдықорған әуежайы арқылы БАӘ-ден елге жеткізіліп, Талдықорған мен Текелі қалаларында арнайы орындарда оқшауланған 135 отандасымыз бүгін өз тұрғылықты өңірлеріне қайтарыла бастады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елге келгенге дейін де БАӘ-де бірнеше күн карантинде болған бұл жолаушылардың бәрінен келген бетте тиісті анализдер алынып, қорытындысы таза болып шыққан еді. Енді облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес осы азаматтарды тұрғылықты жерлеріне тегін жеткізіп салу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Атап өтсек, Талдықорған мен Текелі қаласына жеткізілген 135 азаматтың 10 - Қостанай, 10 - Павлодар, 9 - Алматы, 8 - Шығыс Қазақстан, 6 - Ақтөбе, 5 - Ақмола, 4 - Жамбыл, 2 - Батыс Қазақстан, 2 - Маңғыстау, 2 - Қызылорда, 1 - Қарағанды, 1 - Түркістан облыстарынан, сол сияқты 31 - Алматы, 27 - Нұр-Сұлтан, 16 - Шымкент, 1 - Байқоңыр қалаларының тұрғындары. Алдын ала тиісті облыстар мен қалалардың жедел штабтарына азаматтар туралы ақпараттар беріліп, қабылдап алу мәселесі келісілді.

Бүгін олар арнайы көліктермен өз өңірлеріне жеткізіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны