14.04.2019, 22:35 10355

Бағасы 200 млн теңгенің жаңадан кесілген киік мүйіздерін шекарадан алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

Орал шекара отрядының "Сырым-авто" бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

Нұр-Сұлтан. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Оралдық шекарашылар шамамен 200 000 000 теңгенің контарабандасының жолын кесті.

Орал шекара отрядының "Сырым-авто" бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ұсталған азамат "Орал - Самара" бағытындағы жолаушылар автобусымен үлкен чемоданға салынған 148 дана, жаңадан кесілген киік мүйіздерін алып өтпек болыпты. Контрабанданың жалпы құны 196 950 000 теңге деп есептелінді.

"Жайсаң-авто" шекаралық бақылау бөлімшесі Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне бір тәулікте 102 707835 теңгенің тауарларын өткізді. Бұлардың барлығы шекарадан заңсыз шығарылмақ болған тауарлар.

Актіленген заңсыз жүктердің 94,5 тоннасы халық тұтынатын тауарлар, 6 тонна 410 килограмы жеміс-жидек және көкөніс өнімдері, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны