25.06.2009, 17:30 2782

Бағлан Майлыбаев Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

Бағлан Майлыбаев Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының өкімдерімен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметіне; Серік Нөгербекұлы Нөгербеков Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының өкімімен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны