22.07.2008, 18:06 5376

Баянауыл ұлттық табиғи саябағының аумағында өрттердің алдын алу үшін 10 бақылау мұнарасы орнатылды

Баянауыл ұлттық табиғи саябағының аумағында өрттердің алдын алу үшін 10 бақылау мұнарасы орнатылды

Павлодар. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Баянауыл ұлттық табиғи саябағының аумағында биыл өрттердің алдын алу үшін 10 бақылау мұнарасы орнатылды. Бұл туралы қорықтың бас директоры Темірболат Қасен бүгін журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұған дейін қорық аймағының аумағында өртке қарсы екі мұнара болған. Т.Қасеннің айтуынша, қолданылған шаралардың арқасында кейінгі кезде өрттердің саны азайды. Жыл басынан бері ұлттық саябақта 7 өрт тіркелген. Өрттердің аумағы 3 гектарды, соның ішінде орманды алқап 0,3 гектарды құрады. Көп жағдайда өрттің шығуына найзағай себеп болған.

"Биыл біз алғаш рет орманды қалпына келтірудің ауқымды жұмыстарын қолға алдық. Көктемде біздің мамандар 90 гектар аумаққа жас қарағайлар екті, ал жоспар - 60 гектар болатын", - деді бас директор.

Жалпы Баянауыл саябағында табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға 2008 жылы бюджеттен 82 млн теңге бөлінген.

Баянауыл ұлттық табиғи саябағы тау тізбектері бар, ашық алаңқайдағы бірегей табиғи оазиске саналады. Оның аумағында тұщы сулы 4 көл бар. Баянауыл ұлттық саябақ деген мәртебеге 1985 жылы ие болған. Қорық аймағының аумағы 50 мың гектардан асады. Баянауылда 50 астам құс түрі, 40 астам аңдар түрі бар, олардың арасында арқар, елік, тырна мен бүркіт бар. Саябақта 460 өсімдік түрі саналады. Саябақ жыл сайын Қазақстанның түрлі өңірлері, алыс және жақын шетелдерден 110 мыңнан астам туристі қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны