24.04.2015, 19:40 3823

"Байда" мінген балықшылар

Каспий теӊізінде заӊсыз түрде ау құралдарын құрып, балық аулап жүрген балықшылар ұсталды

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Каспий теӊізінде заӊсыз түрде ау құралдарын құрып, балық аулап жүрген балықшылар ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ наряды "Ми-8" тікұшағымен барлап-бақылау сапары кезінде Долгий аралыныӊ маӊайынан "Байда" деп аталатын қолдан жасалған жүзу құралымен жүзіп жүрген 3 балықшыны байқайды.

Тікұшақты байқаған бетте балықшылар жылдамдықтарын арттырып, қашып құтылуға әрекет етті. Дегенмен, жүзу құралыныӊ қалақтары ау құралдарына ілініп қалып, амалсыздан тоқтауға мәжбүр болды. Ау құралдарыныӊ ұзындығы 500 метр болып шықты.

Қашып-құтыла алмасын білген балықшылар ендігі бір сәтте жалма-жан қайықтағы олжаларын теӊізге лақтыра бастады. Олжалары 20 дана бекіре тұқымдас балық екен.

Осы күні аталған Долгий аралыныӊ маӊайындағы қамыстыӊ арасынан үш бірдей шалаштыӊ тұрғызылғандығы анықталды. Тікұшақ қонып, шалаштарды тексерген кезде ол жерден ау құралдарыныӊ қалдықтары, балық көтеретін құралдар, бос бөтелкелерден жасалған қалтқылар секілді тағы да басқа заттар табылды. Тексеру жұмыстары аяқталған соӊ аталған заттар жойылды.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны