02.09.2015, 10:41 3495

Байқоӊыр ғарыш айлағынан бортында қазақстандық ғарышкер бар "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесі ұшырылды

"Союз-ФГ" ракета-тасымалдаушысы "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесімен Байқоӊыр ғарыш айлағыныӊ Гагарин алаӊынан ұшты

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - "Союз-ФГ" ракета-тасымалдаушысы "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесімен Байқоӊыр ғарыш айлағыныӊ Гагарин алаӊынан ұшты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халықаралық ғарыш станциясына ұшқан негізгі экипаждыӊ құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Волков, қазақстандық ғарышкер, ЭП-18 бағдарламасы бойынша 2-ші бортинженер Айдын Айымбетов, Еуропалық ғарыш агенттігініӊ астронавты Андреас Могенсен бар, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Кеменіӊ станциямен тоғысуы 4 қыркүйекке жоспарланған.

ХҒС-қа олардыӊ келіп жетуін ресейлік Генадий Падалка, Михаил Корниенко және Олег Кононенко, американдық астронавттар Скот Келли мен Челл Линдгрен, сондай-ақ, жапондық астронавт Кимия Юи күтеді.

"Союз ТМА-18М" командирі Сергей Волков орбитада 188 тәулік болады. Ал, Могенсен мен Айымбетов Жерге 12-ші қыркүйек оралуды жоспарлауда.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Б.Сапарбаев А.Айымбетовке ЭКСПО-2017, Қазақстан халқы Ассамблеясы эмблемаларын табыстады. Сондай-ақ, экипаж құрамына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, "Қазғарыш" басшысы Талғат Мұсабаев пен тұӊғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Иубәкіров те сөз сөйледі.

Сонымен қатар, орбитада болған кезде А.Айымбетов қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақтар жүргізетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны