17.02.2015, 18:42 3778

"Байқоӊыр" ғарыш айлағынан ХҒС-ға жүк кемесі ұшырылады

Бүгін осы жылдағы алғашқы жүк ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына жөнелтіледі

Байқоӊыр. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін осы жылдағы алғашқы жүк ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына жөнелтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Прогресс М-26М" тиелген "Союз-У" зымыран тасығышы Байқоӊыр ғарыш айлағынан Мәскеу уақыты бойынша сағат 14:00-де ұшырылады деп жоспарлануда", - деп мәлімдеді Роскосмос баспасөз қызметінен, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Ұшудыӊ циклограммасына сәйкес, ұшырылғаннан кейін тоғыз минуттан соӊ жүк кемесі зымыран тасығыштыӊ үшінші сатысынан бөлініп, ХҒС-ға бағыт алады. Алты сағат бойы автономды ұшуда болады. Кеменіӊ ХҒС ресейлік сегментініӊ "Звезда" модулімен түйісуі Мәскеу уақыты бойынша сағат 19:59-ға жоспарланған.

"Прогресс М-26М" кемесі стансаға 2370 келі жүк, соныӊ ішінде бактарға құйылған 420 келі су, 50 келі оттегі, әуе сүзгілері, газ талдауыштары, желдеткіштер, кварц сағаттарын жеткізеді.

Бұған қоса, жүк кемесінде жеміс-жидек те бар, ғарышкерлердіӊ арнайы тапсырысы бойынша стансаға майонез де жөнелтілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны