01.02.2007, 17:31 3777

Байқоңыр ғарышайлағының басшысы ауысты

БАЙҚОҢЫР. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарышайлағының басшысы ауысты. Ғарышайлағының бастығы міндетін атқаруға полковник Олег Майданович кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ресей ғарыш жасағының баспасөз қызметінен.

О. Майданович 2004 жылдан бері Байқоңыр ғарышайлағы бастығының орынбасары лауазымын атқарған. Бұрындары Плесецк ғарышайлағында "бөлім инженерінен ғарыш құралдарын пайдалану және сынау орталығының бастығына дейінгі" қызметтерді атқарған. "Союз", "Молния", "Циклон", "Космос", "Рокот" зымыран тасығыштарын дайындау мен ұшыруға, "Космос", "Кобальт", "Фотон", "ОКО", "Парус" және т.б. ғарыш аппараттарын ұшыруға қатысқан.

"Бұл Байқоңырдың тарихындағы ғарышайлағының онбірінші басшысы",- деді баспасөз қызметінде.

Бұрынғы басшы генерал-лейтенант Леонид Баранов ғарышайлағында 30 жыл қызмет еткен, ол мәре команадасының бастығы лауазымынан ғарышайлағының басшысы лауазымына дейін жеткен. "Көпжылғы үздік қызметі үшін генералға Ресей президенті Владимир Путиннің алғысы жарияланған",- деп хабарлады әскери ведомствадан. Ресми емес ақпарат көздерінің мәліметтеріне сүйенсек, Л. Барановқа "Ресей ғарышы" құрылымдарының бірінен жұмыс ұсынылған.

Агенттіктің тілшісіне Байқоңыр әкімшілігінен хабарлағандай, 9-ақпанда ғарышайлағы басшысының ауысуының ресми салтанаты болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны