23.05.2017, 14:45 4374

Байқоӊыр қаласына "Жер кіндігі Байқоӊыр" тақырыбында студент жастар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Бұл шара студенттер үшін Байқоӊыр ғарыш айлағын жақын тануға үлкен мүмкіндік берді. Жастар атақты ғарышкерлер туралы, қаланыӊ тарихы мен шаһарға қатысты қызықты оқиғалар жайлы көптеген мәліметтер алды.

Қызылорда. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен Байқоӊыр қаласына "Жер кіндігі Байқоӊыр" тақырыбында студент жастар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Танымдық экскурсия құрамында Қорқыт ата атындағы ҚМУ университеті, Қазақ гуманитарлық заӊ және техникалық колледжі, "Болашақ" университеті, "Абылай хан" колледжініӊ студенттері болды.

Бұл шара студенттер үшін Байқоӊыр ғарыш айлағын жақын тануға үлкен мүмкіндік берді. Жастар атақты ғарышкерлер туралы, қаланыӊ тарихы мен шаһарға қатысты қызықты оқиғалар жайлы көптеген мәліметтер алды.

Бұдан кейін студенттер қаланыӊ көрікті жерлері мен ескерткіштерін аралап шықты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны