02.10.2007, 14:05 2922

Байқоңыр қаласында Халықаралық қариялар күнін атап өтті

Байқоңыр қаласында Халықаралық қариялар күнін атап өтті

Байқоңыр. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр қаласында Халықаралық қариялар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мереке шеңберінде дүйсенбі күні таңертең қалалық Мәдениет сарайында зейнеткерлер мен қариялар үшін түскі ас және концерт ұйымдастырылды. "Біздің міндетіміз - қарияларға қамқорлық таныту және көз қырын салу. Бұлай істеу Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметінің игілігі үшін достық және келісімпаздықпен әртүрлі ұлт өкілдері, бауырлас елдердің азаматтары тұрып және еңбек етіп жатқан біздің әсем қаламыздың басшылығы мен тұрғындарының ежелден келе жатқан дәстүрі", - деді ғарыш кешенінің ардагерлеріне арнаған сөзінде қалалық әкімшілік басшысы Александр Мезенцев.

Сонымен бірге, қаланың және ғарыш айлағының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарында ардагерлер мен зейнеткерлердің шеруі болып өтті.

Байқоңыр қаласында 4500 зейнеткер, оның ішінде 17 Ұлы Отан соғысының ардагері, 200-ден астам тыл еңбеккері, 112 адам 80 жастан жоғары, 8 адам 90 жасты артқа тастаған ұзақ жасағандар тұрады.

Қаланың барлық қарттары әлеуметтік жеңілдіктер мен халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету кешенді орталығы ұсынған қызметтерді пайдаланады. Зейнетақы мен мереке күндеріне қосымша ақылар тұрақты төленіп тұрады. Туындаған тұрғындық мәселелерді шешуде көмек көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны