26.09.2018, 16:33 4135

Байқоӊыр қаласында тұратын қазақстандықтар алғаш рет тегін амбулаториялық көмек алу мүмкіндігіне ие болды

Ақай мен Төретам елдімекендерініӊ тұрғындары Байқоӊыр қаласыныӊ емханасына тіркеледі.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Байқоӊыр" ғарыш айлағындағы, Байқоӊыр қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімге енгізілген өзгерістерге қол қойды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен мәлім етті.

Мемлекет басшысы "2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Ресей Федерациясыныӊ Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясыныӊ "Байқоӊыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоӊыр ғарыш айлағыныӊ персоналына, Байқоӊыр қаласыныӊ, Төретам және Ақай кенттерініӊ тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына қол қойды.

Заӊныӊ мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ақай мен Төретам елдімекендерініӊ тұрғындары Байқоӊыр қаласыныӊ емханасына тіркеледі.

Бұған дейін Қармақшы ауданына қарасты аталған елді мекендердіӊ тұрғындары медициналық қызметі пайдалану үшін 90 шақырым қашықтықтағы аудан орталығы Жосалы кентіне баруға мәжбүр еді.

Енді тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі аясында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету мақсатында биылғы жыл басынан бастап облыстық медицина орталығыныӊ Байқоӊыр қаласындағы филиалында Қазақстан азаматтары үшін емхана жұмыс істей бастады.

Естеріӊізге сала кетейік, 15 қыркүйектен бастап республика бойынша тұрғындарды емханаларға тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Байқоӊыр қаласында ашылған емхана бұл науқанға алғаш рет қатысып отыр.

Медициналық орталық қажетті мамандармен толығымен қамтамасыз етілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ мәліметіне сәйкес, қазір ҚР азаматтары, оныӊ ішінде зейнеткерлер, 18 жасқа дейінгі балалар және Байқоӊыр қаласында тұратын жұмыссыз азаматтар облыстық медициналық орталық филиалыныӊ қызметін пайдалана алады.

Қазіргі таӊда вакцинация жасау, амбулаториялық деӊгейдегі тегін дәрі-дәрмектермен қамту, диспансерлік науқастарды динамикалық бақылау, алдын-ала тексеруден өткізу атап айтсақ, әскерге шақыру алдындағы және жасқа толғанға дейінгі балаларды медициналық тексеруден өткізу сияқты бірқатар проблемалық мәселелерді шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны