18.09.2017, 16:48 4532

"Байқоӊыр" қысқаметражды фильмдер кинофестивалініӊ басты жүлделері "Қазақфильмніӊ" еншісінде

ІІ Республикалық "Байқоӊыр" қысқаметражды фильмдер кинофестивалінде Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Пәтер" және "Жесткий тип" фильмдері басты жүлделерді жеӊіп алды.

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today -ІІ Республикалық "Байқоӊыр" қысқаметражды фильмдер кинофестивалінде Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Пәтер" және "Жесткий тип" фильмдері басты жүлделерді жеӊіп алды. "Пәтер" фильмі үшін Ербол Бораншы "Үздік режиссер" атанды. Ал фестивальдіӊ Гран-приін "Жесткий тип" фильмімен Баймұрат Жұманов жеӊіп алды.

Екі күнге созылған "Байқоӊыр" қысқа фильмдер фестивалініӊ қорытындысы бойынша төмендегі фильмдер түрлі аталымдар бойынша үздік деп танылды.

Олар: "Үздік оператор" - "Малыбайдағы оқиға" үшін Тұран Мұрал; "Үздік қоюшы-суретші" - "Куб" фильмі үшін Бекен Нарбай; "Үздік сценарий" - "6 пәтердіӊ" авторы Олжас Ахметов; "Үздік эксперименталды фильм" - Сәбит Ибдініӊ "Ғайша" фильмі; "Үздік деректі фильм" - Жайық Белқожаевтыӊ "Мен оралдым" фильмі; "Үздік анимациялық фильм" - Тоғжан Байсабаеваныӊ "Сиқырлы бақшасы"; "Үздік актриса" - Перизат Маденова; "Үздік актер" - Ерболат Ержанов; "Қазылар алқасыныӊ арнайы жүлдесі" - Самғар Рақымныӊ "Малыбайдағы оқиға" фильміне бұйырды.

"Байқоӊыр" кинофестивалі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Фестивальдіӊ басты мақсаты жас кинематографистерге фильмдерін көрермен алдына шығаруға мүмкіндік жасау және отандық қысқаметражды фильмдерді насихаттау. Фестивальдіӊ үздіктерін анықтауға қатысқан қазылар алқасы мүшелері ішінде ҚР Кинематографистер одағы төрағасы Ахат Ибраев, "Қазақфильм" киностудиясы жанындағы "Дебют" ШӨБ басшысы Анар Қашағанова, режиссер Жанабек Жетіруов, қоюшы-суретші Өмірзақ Шманов және басқалар бар.

Айта кетелік, режиссер Ербол Бораншыныӊ "Пәтер" фильмі Камбоджадағы 6-шы Халықаралық Chaktomuk қысқаметражды фильмдер фестивалініӊ іріктеуінен өтіп, негізгі бағдарламасында бақ сынайды. Фестиваль Пномпен қаласында қазанныӊ 25-і мен 30-ы аралығында өтеді.

Ақпараттық анықтама:

"Пәтер": Қоғам толқынына бетпе-бет келген екі жас, білімге бай, руһы биік болсада, материялдық тапшылық салдырынан темір етіктері теӊгедей , темір таяқтары тебендендей болғанша алып қала қойнауында жалдап тұратын пәтер іздеп, әр түрлі адамдарға ұшырасу барысындағы қоғамныӊ бүгінгі бейнесін трагикомедия арқылы жеткізеді. Бірақ олар қанша қиыншылық көрседе, араларындағы адал махаббаттарымен бақыттылығын көрсетеді. Білімдерімен, руһтарыныӊ биіктіктерімен бәрін жеӊіп, соӊнда табысқа жетеді.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Жанры: әлеуметтік драма

Қоюшы-режиссері: Ербол Бораншы

Сценарий авторы: Ербол Бораншы

Қоюшы-операторлары: Есен Айтмұқамет, Жеӊіс Екпін

"Жетский тип":

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Жанры: әлеуметтік драма

Қоюшы-режиссері: Баймұрат Жұманов

Сценарий авторы:

Қоюшы-операторы:

Қоюшы-суретшісі:

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны