05.09.2016, 18:07 4038

Байқоӊыр мектептері қазақстандық білім беру стандартына көшті

Осы жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап Байқоӊыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшті.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - 1 қыркүйектен "Байқоӊырда" 6 мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов мәлім етті.

"Осы жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап Байқоӊыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшті. Барлығына да облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жаӊа материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілді. Онда жұмыс істейтін ұстаздардыӊ жалақысы ресейлік стандартпен есептелінген бұрынғы айлықтарынан өскендігі байқалады. Қазір Байқоӊырдағы 6 мектепте 4755 бала білім алып, ал 1 балабақшада 177 бала тәрбиленуде", - деді ол.

Р.Рүстемовтіӊ айтуынша, бүгінде Байқоӊыр қаласында 40 мыӊнан астам Қазақстан азаматы тұрып жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны