16.08.2017, 18:58 4039

"Байқоӊыр" туристік ойын-сауық аймағын ашу тұжырымдамасы әзірленді

Биылғы жылдыӊ ауқымды жобаларыныӊ бірі ол - "Байқоӊыр" ғарыш айлағыныӊ туристік әлеуетін одан әрі дамыту үшін Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмніӊ дамуы үлгісінде "Байқоӊыр" туристік ойын-сауық аймағын ашу" тұжырымдамасы әзірленді. Бүгінгі таӊда, республикалық деӊгейде талқылануда. Қолдау тапса аумағы 100 гектар жерде қонақ үй, этноауыл, арнайы мұражай, ойын-сауық кешендері салынады.

Қызылорда. 16 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында қала мен ауылдарда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін осы жылы бюджеттен 2 млрд 307 млн теӊге бөлінді. Оған ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердіӊ 177 жоба қаржыландырылды. Ал 113 жоба ХҚО тіркеуде. Осы және басқарманыӊ 2017 жылдыӊ І жартыжылдығында атқарған жұмыстары жайында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасыныӊ басшысы Өмірсерікұлы Нұржан Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Бизнесті қолдау мен дамытуға байланысты бағдарламалар аясында ауыл кәсіпкерлері де микронесиелер алуға қол жеткізуде. "Бизнес-Бастау" жобасы шеӊберінде 494 адам оқудан өтіп, оныӊ 331 өз жобаларын қорғап шықты.

Туризм саласы да қарқынды дамуда. Арал ауданындағы "Қамбаш" көлініӊ жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан жасалған 12 тұрғын үй жұмысын жүргізуде.

Биылғы жылдыӊ ауқымды жобаларыныӊ бірі ол - "Байқоӊыр" ғарыш айлағыныӊ туристік әлеуетін одан әрі дамыту үшін Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмніӊ дамуы үлгісінде "Байқоӊыр" туристік ойын-сауық аймағын ашу" тұжырымдамасы әзірленді. Бүгінгі таӊда, республикалық деӊгейде талқылануда. Қолдау тапса аумағы 100 гектар жерде қонақ үй, этноауыл, арнайы мұражай, ойын-сауық кешендері салынады.

Сондай-ақ, "ЭКСПО 2017" халықаралық көрмесіне өӊір халқы да өз үлестерін қосуда. Көрмеге 54 289 билет сатып алынып, оған 69 мыӊнан астам жан қатысты. Ардагерлер мен оқушылардыӊ шығындары бюджет қаражат есебінен қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны