12.04.2007, 12:12 3666

Байқоңырда Юрий Гагариннің ғарышқа жол тартуының 46 жылдығына орай космонавтика күні аталып өтуде

БАЙҚОҢЫР. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Байқоңырда Юрий Гагариннің ғарышқа жол тартуының 46 жылдығына орай космонавтика күні аталып өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, мерекелік шаралар бүгін таңертең Юрий Гагаринге арналған ескерткіштің жанында басталып, онда жұртшылық өкілдері, қала мен ғарыш айлағының басшылығы қатысқан салтанатты жиналыс өтті. Митингте байқоңырлықтар мен ардагерлерге құттықтау айтылды.

Бұдан кейін Юрий Гагарин мен Сергей Королевтың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. "Қазір қаланың орталық алаңында мектеп оқушыларының қатысуымен спорт мерекесі өткізілуде. Ол бүгін таңертең 2-ші алаңдағы Юрий Гагариннің үй-мұражайының жанынан басталған дәстүрлі 40 шақырымдық жеңіл атлетика эстафетасына қатысушылардың мәреге жетуімен аяқталады", деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Сонымен бірге қалалық "Бархан" туристік клубының велосипедшілері де осы аралықты жүріп өтеді.

Кешке "Сатурн" киноконцерт залында ғарыш айлағының әскерилері, қалалық мекемелер мен ғарыш саласы кәсіпорындарының қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтеді. Онда ғарыш айлағының ардагерлеріне сыйлықтар табыс етіліп, балалардың ғарыш тақырыбына арналған суреттерінің байқауы жеңімпаздары марапатталады. Мереке қаланың орталық алаңындағы кешкі концертпен аяқталады.

12-сәуірде дүниежүзі космонавтика күнін атап өтеді. Адамзат тарихындағы атаулы оқиға 1961-жылдың 12-сәуірінде болып, "Восток 8К72К" зымыран тасығышы "Восток" ғарыш кемесімен Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагаринді жер орбитасына алып шықты. Тұңғыш ғарышкер 1 сағат 48 минутта жер шарын айналып шығып, Саратов облысының аумағына келіп қонды. Байқоңырда бұл мерекені қала тұрғындары мен ғарыш саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі деп санайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны