06.06.2017, 16:19 3643

Байқоӊырда қазақстандықтардыӊ санағы жүргізіледі

Байқоӊырда тұратын ҚР азаматтарыныӊ санағы оларды ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізіміне енгізу мақсатында жүргізілуде деп түсіндірді Байқоӊыр қаласы әкімшілігініӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылғы сәуірден басталған Байқоӊыр қаласыныӊ тұрғындары - Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарын санақтан өткізу жұмыстары одан әрі жалғасады.

Байқоӊырда тұратын ҚР азаматтарыныӊ санағы оларды ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізіміне енгізу мақсатында жүргізілуде деп түсіндірді Байқоӊыр қаласы әкімшілігініӊ баспасөз қызметі.

"2017 жылғы 3-10 сәуір аралығында еріктілер 11 444 пәтерді аралап, 32 008 азаматтыӊ деректерін растады. 2 850 пәтер бойынша деректердіӊ анықталмауына байланысты 9047 азамат туралы мәлімет нақтыланбады. Осы орайда еріктілерден құралған арнайы жұмыс тобы қазақстандықтар туралы деректерді жинау жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады", - деп атап өтті әкімшілік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны