13.04.2007, 14:52 3409

Байқоңырда лауазым иесін сатып алуға әрекет жасаған екі шетелдік құрықталды

БАЙҚОҢЫР. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Байқоңырда Қызылорда облыстық ҰҚКД қызметкерлері лауазым иесін сатып алуға әрекет жасаған екі шетелдікті құрықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, лауазым иесіне 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп жатқан сәтте "Тайбурыл-Мұнай" ЖШС мұнай компаниясының қызылордалық филиалының директоры және осы филиалдың қызметкері болып істейтін екі шетел азаматы құрықталды. "Олар шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту үшін лицензия алуға талпыныс жасаған",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің "пара беру" жөніндегі 312-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны