29.04.2008, 18:03 3227

Байқоңырда "Менің есімде! Мен мақтанамын!" ұранымен "Георгиев таспасы - 2008" акциясы басталды

Байқоңырда "Менің есімде! Мен мақтанамын!" ұранымен "Георгиев таспасы - 2008" акциясы басталды

Байқоңыр. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Менің есімде! Мен мақтанамын!" ұранымен "Георгиев таспасы - 2008" акциясы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Бүгін әуе рейсімен Мәскеуден Байқоңырға ғарыш айлағының қызметкерлеріне 100 "Георгиев таспасы" жеткізілді. Акцияға Роскосмос қолдау көрсеткен. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 100 таспадан тұратын партия "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының сыртқы байланыс бөлімінің бас маманы Владимир Климчукке табыс етілді.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 63 жылдығына арналған "Георгиев таспасы - 2008" бүкілресейлік акциясы 24 сәуірде басталған және 12 мамырға дейін жалғасады.

"Георгиев таспасының" акциясы алғаш рет 2005 жылдың көктемінде өткізілген. Ресей ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, "Георгиев таспасы" - Жеңіс күнінің нышаны. Бүкіл дүниежүзіндегі миллиондаған адамдар таспаны байлау арқылы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, олардың ерліктерін мақтан тұтып, қаза тапқандарды еске алды. Акция өткен уақытта бүкіл әлем бойынша 20 млн таспа таратылған.

2007 жылы "Прогресс М-57" ғарыш кемесі "Георгиев таспасын" Халықаралық ғарыш станциясына жеткізіп, сондағы ғарышкерлер де акцияға қосылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны