13.06.2007, 14:23 1408

Байқоңырда Ресей күні атап өтілді

БАЙҚОҢЫР. 13 - маусым. Kazakhstan Today. Кеше Байқоңыр қаласында Ресей мемлекеттік мерекесі - Ресей күнін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазіргі кезде 40 пайызы ресей азаматтығын алып отырған Байқоңыр тұрғындарын қала әкімшілігінің басшысы Александр Мезенцев мерекелерімен құттықтады.

"Қуатты, тұтас мемлекетке айналу жолында Ресей ұзақ және күрделі тарихи жолдан өтті. 1990 жылдың 12-ші маусымында қабылданған Ресей Кеңес Федеративтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация Ресейдің қайта тууының символына айналды, демократиялық қоғам құруға жағдай жасады", - деді А. Мезенцев жергілікті БАҚ арқылы сұхбат беру үстінде.

Мереке құрметіне қалалық кәсіпорындардың барлық жұмысшыларына үш демалыс күні берілді. Бірақ, ғарыш айлағында "TerraSAR-X" ғарыштық аппаратымен "Днепр", "DirecTV-10" ғарыштық аппараты бар "Протон" және "Космос" жер серігін алып ұшатын "Зенит" зымыран тасығыштарын ұшыруға дайындау жұмыстары кестеге сәйкес толық көлемде жалғастырылуда.

Мерекелік шараларды ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес мереке "Ресей! Мен сені сүйемін!" деген ұранмен өтуде. Қала тұрғындарының алдына кешкі бағдарламада концерттік нөмірлермен гарнизондық офицерлер үйінің және қалалық мәдениет сарайының ұжымдары өнер көрсетпек. Концерттің репертуары ретрошлягерлер мен қазіргі заманғы билерден құралған. Концерт аяқталысымен мереке халықтық шерулермен жалғасын таппақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны