26.02.2008, 18:16 3336

Байқоңырда су тасқына қарсы шаралар ұйымдастырылуда

Байқоңырда су тасқына қарсы шаралар ұйымдастырылуда

Байқоңыр. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда су тасқына қарсы шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі .

Байқоңырда Сырдария өзенінде су тасқынына қарсы шараларды ұйымдастыру жөнінде техникалық алқа жиыны өткізілді. Қала әкімшілігінің басшысы А. Мезенцев атап өткеніндей, қалалық қызметтер су аймағында жақын жатқан үйлер мен гараждардың су ішінде қалып қалуын болдырмау үшін жіті дайындалуы қажет.

Су тасқынын алдын алып ескерту үшін, Сырдарияның оң жағалауында "Қала су арнасының" кәсіпорнында сел және қауіпті учаскелеріне мониторинг жүргізетін бақылау бекеттері құрылды.

"Байкоңырэнерго" кәсіпорындарының мамандары Сырдарияның жағалауында орнатылған электр тарату бағандарын тексерсе, "Көгалдандыру және коммуналдық қызмет" кәсіпорын қызметкерлері қала аудандарына жақын жатқан су арналарының бөгеттерін күшейте бастады.

Сондай-ақ, су тасқыны болған жағдайды халықты көшіріп алатын жерлер белгіленді. Мейманханалар, жатақханалар тұрғындардың уақытша мекен- жайлары ретінде дайындалып, барлық керек- жарақпен жабдықталды.

Өткен жылы қабылданған шаралар Байқоңырда су тасқынын болдырмай, тұрғын үйлерді судан аман қалуға мүмкіндік берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны