20.05.2008, 15:29 2914

Байқоңырда ұшақ айдап әкетудің алдын алуға бағытталған антитеррорлық оқу-жаттығулары жүргізіледі

Байқоңырда ұшақ айдап әкетудің алдын алуға бағытталған антитеррорлық оқу-жаттығулары жүргізіледі

Байқоңыр. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда ұшақ айдап әкетудің алдын алуға бағытталған антитеррорлық оқу-жаттығулары жүргізіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

"Ұшақ айдап әкетудің алдын алу және ескерту" тақырыбындағы арнайы тактикалық оқу-жаттығулары "Крайний" әуежайында 22 мамырда өткізіледі. Ресейдің ұлттық антитеррорлық комитетінің жоспарына сәйкес оқу жаттығуларға ФСБ, Байқоңыр кешеніндегі Ресей ІІМ ІІД, ТЖМ, әскери бөлімшелері қатысады.

Жаттығуларды ұйымдастырудың мақсаты, Ресей және ғарыш айлағында орналасқан қауіпсіздік органдары мен күш құрылымдары арасындағы ықпалдастығын тексеру және ұшақ айдап әкетудің лаңкестік қаупі туындау кезінде басып алынған кемедегі кепілге алынғандарды босату, лаңкестерді құрықтау шараларын орындау.

Байқоңырда бұл тақырыпқа арналған ірі көлемді оқу-жаттығулары алғаш рет өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны