19.04.2018, 18:30 2919

Байқоӊырдан әскери спутнигі бар "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды

2018 жылғы 19 сәуірде астана уақытымен сағат 04.12-де РФ Қорғаныс министрлігініӊ косомостық аппараты бар "Поторон-М" зымыран тасығышы ұшырылды", - деп хабарлады "Ғарыш-Экология" ҒЗО" РММ.

Бүгін таӊертеӊ Байқоӊырдан бортында космостық аппараты бар "Потрон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. Қазақстандық мамандар ұшырудыӊ экологиялық жағына қадағалау жүргізді деп хабарлайды Kazakhstan Today.

2018 жылғы 19 сәуірде астана уақытымен сағат 04.12-де РФ Қорғаныс министрлігініӊ косомостық аппараты бар "Поторон-М" зымыран тасығышы ұшырылды", - деп хабарлады "Ғарыш-Экология" ҒЗО" РММ.

2018 жылдыӊ 16 сәуірінен бастап ұшырылудыӊ экологиялық жағына қадағалау жұмыстарын жүргізетін Жезқазғандағы "Ғарыш-Экология" мекемесі өкілдігініӊ қызметкерлері берген деректерге сүйенсек, "Потрон-М" зымыран тасығышын ұшыру әдепкі тәртіппен жүзеге асырылды және оныӊ алғашқы баспалдағы белгіленген құлау аймағына түсті.

Қазір мекеме қызметкерлері ресейлік тараппен бірге құлау аймағында қоршаған ортаға экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

"Потрон-М" зымыран тасығышыныӊ алғашқы баспалдағы құлаған аймақта өсімдіктердіӊ өртенген іздері табылған жоқ", - деп атап өтті баспасөз-қызметінде.

Хабарламада Байқоӊыр ғарыш айлағына іргелес аймақтарда зымыранды ұшыруға дайындауға қатысты арнайы жұмыстарды атқару барысында және оны ұшырғаннан кейін де қоршаған орта нысандарыныӊ ластану деӊгейін бақылау жұмыстары бірігіп атқарылды деп атап өтілді. "Потрон-М" зымыран тасығышыныӊ алғашқы баспалдағы құлаған Қарағанды облысыныӊ Ұлытау ауданында орналасқан аймақта зымыран тасығыштыӊ алғашқы баспалдағы құлаған жерге зерттеу және сипаттау жасалады, GPS бақылау жүйесініӊ көмегімен географиялық координаттары анықталады, атмосфералық ауаға құралдық өлшеулер жасалып, жер қыртысыныӊ сынамалары алынады.

Камералық кезеӊде жер қыртысынан алынған сынамаларға оларды ластаушы заттардыӊ бар-жоқтығын анықтайтын сандық химиялық сараптама жасалады, алаӊдық және лабораториялық жұмыстардыӊ сараптамасы мен нәтижелерін өӊдеу ГАЖ-технологияны қолданып жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны