06.06.2017, 16:26 3836

Байқоӊырды дамыту жөніндегі үкіметаралық комиссияныӊ отырысы кейінге шегерілді

"Күн тәртібіне он мәселе шығарылды, яғни олар Байқоӊыр кешенін дамыту туралы өткен жылы қабылданған тұжырымдаманы жүзеге асыруға қатысты болып отыр. Сонымен қатар негізгі мәселе "Бәйтерек" зымыран кешенін құруға байланысты", - деді вице-министр.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - 6-7 маусымға жоспарланған "Байқоӊыр" кешені жөніндегі қазақстандық-ресейлік үкіметаралық комиссияныӊ бесінші отырысын өткізетін күні өзгерді.

Мәжілістегі Үкімет сағытынан кейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин аталған кездесу шамамен 13-15 шілде аралығында ұйымдастырылатынын жеткізді. Бұл жиынды өткізу мерзімі Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымыныӊ шараларын өткізуге байланысты ауыстырылды.

"Күн тәртібіне он мәселе шығарылды, яғни олар Байқоӊыр кешенін дамыту туралы өткен жылы қабылданған тұжырымдаманы жүзеге асыруға қатысты болып отыр. Сонымен қатар негізгі мәселе "Бәйтерек" зымыран кешенін құруға байланысты", - деді вице-министр.

Айта кетейік, "Байқоӊыр" кешені бойынша одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасы әзірленіп, құжатқа қол қойылған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны