28.06.2007, 15:17 2966

Бәйменовтың пайымдауынша, мемлекет БАҚ-тардағы үлесін азайтуға тиіс

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. Мемлекет БАҚ-тардағы үлесін азайта түсуға тиіс. Бұл туралы бүгін "Қоғам. Мемлекет. БАҚ: басымдықтар құқығынан құқықтың басымдығына" атты "дөңгелек үстел" барысында "Ақ жол" партиясының жетекшісі Илихан Бәйменов пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз біртіндеп мемлекеттің ақпараттық кеңістіктегі өз үлесінің аясын біршама тарылта түсу мүмкіндігіне қарай көшуге тиіспіз",- деді И.Бәйменов. "Ал телеарналарға келсек, мемлекет тек ағартушылық және спорттық арналарда ғана қалып, басқа өз үлесін жеке меншікке беруге тиіс",- деді ол. "Ирине, бұл белгілі дәрежеде заңдық дайындық пен ашықтықты талап етеді",- деді партия жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны