01.06.2015, 11:23 3877

Баймұхановтағы жатақхананыӊ подъезі опырылып түсті

31 мамырда сағат 11-де Баймұханов, 39 мекен-жайындағы жатақхана подъездерініӊ біріндегі баспалдақ аралығы мен жабын арқалығы опырылып түсті. Бағына қарай, ТЖД хабарлағандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - 31 мамырда сағат 11-де Баймұханов, 39 мекен-жайындағы жатақхана подъездерініӊ біріндегі баспалдақ аралығы мен жабын арқалығы опырылып түсті. Бағына қарай, ТЖД хабарлағандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Баймұхановтағы 1974 жылы салынған апатты ғимарат 2014-2020 жылдарда Атырау қаласындағы жатақханалар, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жөніндегі облыстық бағдарламаға енген. Ол 2014 жылы күрелуге тиіс еді, бірақ содан кейін биылғы жылға ауыстырылды. Жатақханада су мен кәріз жүйесі болған жоқ, электр қуатына қатысты үнемі іркілістер туындап тұрған, деп хабарлайды azh.kz тілшісі.

- Тұрғындардыӊ бәрі (141 адам) Железнодорожный көшесініӊ бойындағы жатақханаға бейімделген ғимаратқа көшірілді, - деп хабарладықала әкімініӊ орынбасары Гүлмира ШАКИРОВА. - Бұдан бұрын ол жерде суға кеткен үй тұрғындары болды, бірнеше күн бұрын біз оларды жалға алынған баспаналарға орналастырдық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны