24.04.2009, 17:46 3715

БАҚ жұмысының қазіргі бизнес-моделін бөлшектеп, жаңасын жасайтын сәтке жеттік - сарапшы

БАҚ жұмысының қазіргі бизнес-моделін бөлшектеп, жаңасын жасайтын сәтке жеттік - сарапшы

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Біз бүгін БАҚ жұмысының қазіргі бизнес-моделін бөлшектеп, жаңасын жасайтын сәтке таяп келдік. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан VIII Еуразиялық медиафорумда Канаданың Grannett Digital сандық контентті дамыту жөніндегі менеджері Панкаж Пол мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз бүгін БАҚ жұмысының қазіргі бизнес-моделін бөлшектеп, жаңасын жасайтын сәтке таяп келдік. Бұл газет индустриясы үшін дағдарыстан да ауқымды мәселе шығар. Бір өкініштісі, біз оны байқағанымызбен, қаржылық дағдарыс бізді айналып өтеді деп сендік", - деді П. Пол

"Дәстүрлі БАҚ-тарда дағдарыс, әрине, бар. Меніңше, бұған дейін ақшаны күреп тапқан баспагерлер сол ақшаны өздерімен бірге алып, зейнет демалысына кетті де, газеттерге қаржы қайтадан жұмсалмай қалды", - деді ол.

Өз кезегінде MediaChannel.org интернет-каналының вице-президенті әрі атқарушы продюсері Дэнни Шэхтертің айтуынша, "қазіргі дағдарыс - демократияның дағдарысы" болмақ.

"Бұл тек газеттердің дағдарысы ғана емес, қазіргі дағдарыс - демократияның дағдарысы. Біз бүгін БАҚ-тарда көріп отырған схема, атойлап тұрған тақырыптарға, хит-шерулерге, осы сәтте ғана болған жаңалықтар ғана төрге шығатын схема, жаңалықтарды жылтыр сөздермен ғана жарқыратып, оның ішкі мазмұнына, маңызына, ақпараттылығына мән бермеу, міне, бүгінде ойламды, нюансқа толы журнализмді алмастырды. Меніңше, біздің қоғам үшін нақты қатер - осы деп санаймын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны