15.04.2010, 18:08 3245

Бакиев Қырғызстанда шиеленісті ахуалды ушықтыра түсу, қорқыныш ұялату мен бүліншілікті одан әрі жалғастыруда - Отунбаева

Бакиев Қырғызстанда шиеленісті ахуалды ушықтыра түсу, қорқыныш ұялату мен бүліншілікті одан әрі жалғастыруда - Отунбаева

Бішкек. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанның уақытша үкіметінің үндеулеріне қарамастан, Құрманбек Бакиев елдегі онсыз да оңып тұрмаған шиеленісті ахуалды ушықтыра түсу, қорқыныш ұялату мен бүліншілікті одан әрі жалғастыруда. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отунбаева Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Уақытша үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Р. Отунбаеваның мәлімдемесінде атап көрсеткендей, "бүгін таңертең Қ. Бакиев бұдан бұрынырақ уақытша үкіметті қолдау үшін жиналыс өтеді деп межеленген Ош қаласына өз жақтастарынан топ жіберуге талпыныс жасады. Тек халқымыздың байыптылығы, даналығы мен төзімділігінің арқасында ғана қақтығыстар мен құрбандықтарға жол бермеуге мүмкіндік туды. Оңтүстік астана тұрғындары бұрынғы президентке батылдықпен "жоқ" деп жауап бере алды".

"Мен қырғыз халқын тыныштыққа шақырамын, әділеттіліктен бұлтару үшін ел ішін өртке салудан да тайынбайтын адамдардың есалаң арандатушылығына ерік бермеуге шақырамын. 7 сәуірде төгілген қан аз болған жоқ. Қырғызстан халқы өзінің аманшылығы мен игілігін, қасиетті туған жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықты өздерін заңнан асқақ санайтын бірнеше тұлға үшін пәлеге тіге алмайды", - деді ол.

Оның айтуынша, Қырғызстанның уақытша үкіметінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге қажетті барлық күш пен ресурстар бар. "Біз еліміздегі бейбітшілік пен келісімді талқандауға мүмкіндік бермейміз",- деді ол.

Р. Отунбаеваның мәлімдеуінше, Қ. Бакиев өзінің іс-әрекеттерімен "елді азаматтық соғысқа таман итермелеп отыр", бірақ мұндай ахуал көп кешікпей түзеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны