07.05.2010, 13:29 3170

Бакиевті Қырғызстаннан Қазақстанға жеткізген ұшқыштар марапатталды

Бакиевті Қырғызстаннан Қазақстанға жеткізген ұшқыштар марапатталды

Астана. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Бакиевті Қырғызстаннан Қазақстанға жеткізген ұшқыштар марапатталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери әуе күштерінің ұшқышы, аға инспектор Игорь Бейлин журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен Қырғызстан президентін құпиялықты сақтай отырып Жалал-Абадтан Таразға жеткізу жөніндегі міндетті атқардым. Ол үшін Қазақстан президенті мен үкіметінің наградасына ие болдым", - деді И. Бейлин.

Оның айтуынша, "экипаждың барлық 6 мүшесі марапатталды, кеше қорғаныс министрі оларға наградаларын табыс етті".

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "олар президенттің жарлығымен наградаға ұсынылды, оны кеше қорғаныс министрі салтанатты жиналыста табыс етті".

И. Бейлиннің айтуынша, экипаждың "алдында тұрған міндет күрделі еді, өйткені, ахуал қатерлі әрі тыныш емес болатын, Қырғызстанмен шекаралас өңірге ұшып өтуге рұқсат болған жоқ. "Экипаж тапсырманы орындауға бел байлап, батылдықпен шешім қабылдады, Жалал-Абадтқа қонуға рұқсат болмағандықтан, Ошқа қарай бет алды. Ұшақ төмендеп, Жалал-Абадтан өткеннен кейін біз қаланың маңына рұқсатсыз қонуға өз бетімізбен шешім қабылдадық. 8 шақырымдық көрінетін аймақта аэродром бар екен. Оны қарулы адамдар қоршап алған екен және қоршау арқылы белгісіз адамдар өтіп жүргендіктен, қонғаннан кейінгі ахуал да қатерлі болды", - деді ол.

Оның айтуынша, "қонғаннан кейін шамалы абыржушылық пайда болды, өйткені, негізгі жолаушы ұшаққа дер кезінде келген жоқ. Бірақ 5 минут өткенде жағдай айқындалды. Қырғызстан президенті 10 көліктен тұратын саппен ұшақ жанына келді. Бұдан кейін біз оны ұшаққа отырғыздық. Ұшақ бортында қарулы күзетшілер болды, уақыт шектеуіне сәйкес қозғалқышты іске қосып, жолға түстік те, аспанға көтеріліп, Таразға бет алдық", - деді ол.

Оның айтуынша, "жағдай күрделі болды. Тараз қаласына қонатын кезде желдің екпіні секундына 32 метрге жетіп тұрды. Бірақ экипаж міндетті орындап, қона алды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны