27.04.2010, 15:28 3463

Бакиевтің үйінен тергеушілер көптеген сирек кездесетін аң-құстарды тапты

Бакиевтің үйінен тергеушілер көптеген сирек кездесетін аң-құстарды тапты

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің отбасының Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы қара шаңырағынан тергеушілер көптеген сирек кездесетін аң-құстарды тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

"Үйді тексеру бұрынғы президенттің жақын туыстары мен жақындарына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тексеру барысында жүзеге асырылды", - деп хабарлайды Қырғызстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тергеушілер бір жарым жасар екі аюдың қонжығын, африкалық страусты, бір жасар екі қар барысын, үш елікті, тянь-шань бүркіті мен екі ителгі, төрт африкалық тоты, үнді үйрегін, австриялық ақ және қара қуларды тапты.

Қазір оларды сақтап қалу үшін көшіру мәселесі қарастырылып жатыр. Айта кету керек, Қырғызстанның өзінде бүгінгі күнге дейін халық бара алатын бір де хайуанаттар бағы болмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны