30.01.2015, 15:35 4536

Бақыт Қайырбеков "Қазақфильм" киностудиясыныӊ президенті болып тағайындалды

Бақыт Қайырбеков Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы президенті болып тағайындалды. Бүгін жаӊа қызметінде алғаш рет Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысты

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бақыт Қайырбеков Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы президенті болып тағайындалды. Бүгін жаӊа қызметінде алғаш рет Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бақыт Қайырбеков - ақын, сценарист, кинорежиссер, 10 поэтикалық жинақтыӊ және көптеген деректі фильмдердіӊ авторы. 1970 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Идебиет инcтитутында оқыған. "Жазушы" баспасында, "Советский Казахстан сегодня", "Қазақфильм" киностудиясында, көркем және телевизиялық шығармашылық бірлестігінде, Қазақ КСР Мәдениет министрлігініӊ репертуар-редакциялық алқасында, "Қазақтелефильмде", Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтыныӊ баспа орталығында жауапты қызметтер атқарған. 1979-1982 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында аспирант, 1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер жоғары курсыныӊ тыӊдаушысы болған. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында, репертуарлық-редакциялық алқада, ақпараттық-баспасөздік орталықта, "Гала ТВ" киностудиясында, Қазақстан Республикасы Президентініӊ телерадиокешенінде қызмет еткен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері. Тәуелсіздіктіӊ 10 жылдығына арналған мерекелік медалімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ермек Аманшаев өткен жылдыӊ соӊында басқа қызметке ауысуына байланысты киностудияныӊ басшылығынан кеткен болатын. Ол Астана әкімініӊ орынбасары қызметіне тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны