21.05.2009, 18:38 3468

БАҚ-тар таратқан ақпаратқа сын көзбен қарау керек - Назарбаева

БАҚ-тар таратқан ақпаратқа сын көзбен қарау керек - Назарбаева

Лондон. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- БАҚ-тар таратқан ақпаратқа сын көзбен қарау керек. Бұл туралы Дариға Назарбаева Лондонда "Ийелдер бизнесте" атты ХІІ халықаралық әйелдердің бизнес-форумында "Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен ықпалы" атты сессияда сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Өз сөзінде Д. Назарбаева қоғамдық пікірді қалыптастыруға Бұқаралық ақпарат құралдарының тигізетін ықпалына баса назар аударды. Осы орайда ол қоғамның БАҚ-тар таратқан ақпаратқа сын көзбен қарауы керек екенін атап өтті. Ол сонымен бірге жаңалықтардың сапасын жақсартуүшін журналистердің өз кәсіби деңгейін көтеруі қажет екенін айтты.

Форумға қатысқандар арасында : Египеттің бірінші ханымы Мубарак (Suzanne Mubarak) пен Талабани ханым, Ирак (Talabani); Barbara Judge, Ұлыбританияның Атом энергиясы жөніндегі басқармасының төрайымы; Mariam Al Rumaithy, Абу-Даби сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілі; Fadia Fahed, Laha журналының бас редакторы; Марокконың энергетика министрі Benkhadra ханым; баронесса Morris (Болтон, Англия); Alia Bouran, Иордания Хашимиттік Корольдігінің елшісі; Тунис елшісі Hamida M'rabet Labid; Ливан елшісі Inaam Osseiran тағы басқа тұлғалар бар. Сондай-ақ, форумға Ұлыбританияның кәсіпкер әйелдері қатысты.

Биыл "Ийелдер бизнесте" атты ХІІ халықаралық әйелдердің бизнес-форумына әлемнің әр елінен 250-ден аса делегат қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны