19.10.2006, 16:07 3493

БАҚ-тарға қатысты шектеулер журналистерді қоғамдағы түйткілдерді билікке жеткізу мүмкіндігінен айырып отыр, деп пайымдайды депутат Назарбаева

АСТАНА. 19-қазан. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның пайымдауынша, БАҚ-тарға қатысты заңнаманы қатайту журналистерді азаматтық қоғамдағы түйткілдерді билікке жеткізу мүмкіндігінен айырып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Осындай жағдайда (БАҚ-тар туралы заңды қатайту - Kazakhstan Today ескертпесі) сіз бен біздің азаматтық қоғам институттарын дамыту мен нығайтуға бағытталған бар талпыныстарымыз өзінің мәнін жояды",- деді Д.Назарбаева бүгін "Парламентте шешім қабылдауға қоғамды белсенді атсалыстыру арқылы мемлекеттің бәсекелестік қабілетін арттыру" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде. "Тәуелсіз баспасөз жоқ жерде халықта тіл де, үн де жоқ",- деді ол.

АСТАНА. 19-қазан. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның пайымдауынша, БАҚ-тарға қатысты заңнаманы қатайту журналистерді азаматтық қоғамдағы түйткілдерді билікке жеткізу мүмкіндігінен айырып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осындай жағдайда (БАҚ-тар туралы заңды қатайту - Kazakhstan Today ескертпесі) сіз бен біздің азаматтық қоғам институттарын дамыту мен нығайтуға бағытталған бар талпыныстарымыз өзінің мәнін жояды",- деді Д.Назарбаева бүгін "Парламентте шешім қабылдауға қоғамды белсенді атсалыстыру арқылы мемлекеттің бәсекелестік қабілетін арттыру" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде. "Тәуелсіз баспасөз жоқ жерде халықта тіл де, үн де жоқ",- деді ол.

"Сөз бостандығын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы қатайта түсу кейінгі кездері жүйелі сипатқа көшті",- деді Д.Назарбаева. "Бұл жерде мәселе "ірі қаржылық-өндірістік топтармен момақан күрес", немесе, "қорғансыз кедей журналистердің еңбегін аяусыз қанаумен қалта қалыңдатып жатқан газеттің қатігез бас редакторларымен күрес" туралы болып отырған жоқ. Бұл келтірілген аргументтер заң авторларының басты мақсаты - сөз бостандығын шектеу, өзінің бюрократиялық әлемін мейлінше бүркемелеп, сырт көзден қорғауды көлегейлейтін сылтаулар ғана. Сырт көз деп отырғанымыз - мына сіз бен біз",- деді Д.Назарбаева.

Д.Назарбаеваның пікірінше, "өз құқығы мен кәсіби мүддесін қорғау жолында қазақстандық БАҚ-тардың жапан түздегідей жалғыздығы да жанға батады". "Біз қоғамдық сарапшылар палатасының үнін, сан мың бейресми ұйымдар армиясының үнін ести алмай отырмыз. Бізді саяси партиялар да қорғамайды, қолдайтын кәсіподақ ұйымымыз да жоқ",- деді ол. "Газеттердің беттері мен телеэфирде бейресми ұйымдардың, саяси партиялар мен кәсіподақ ұйымдары қозғалысының мүддесін сол баспасөз қорғап отырған жоқ па? Сол отандық БАҚ-тар қорғансыз құйтақандай жанның мұңын мұңдап, жоғын жоқтаймын деп түрлі билік өкілдері тарапынан күнделікті қысым көріп отырған жоқ па?",- деп таңдана сауал тастады депутат.

"Ал үкімет болса, сол кішкентай адамның басты тауқыметтерінің себебін жылу, жарық пен газ бағасының қымбаттауынан да, тұрғын-үй коммуналдық саланың аянышты ахуалынан да, тұрғындардың тең жартысында таза ауыз судың жоқтығынан, денсаулық сақтау саласы мен экологияның жан ашырлық жағдайынан да көріп отырған жоқ , керісінше, БАҚ-тардан, сыра мен темекінің жарнамасынан тауып отыр", деп пайымдайды Д.Назарбаева.

Осыған байланысты депутат мәжілістің жанындағы қоғамдық сарапшылар палатасын БАҚ-тардың проблемасына назар шоғырландыруға шақырды. "Мен сіздерден осы мінберден БАҚ-тарды дамыту проблемасына баса назар аударуды, осы проблема бойынша нақты ұстанымды айқындап алуды сұраймын. Кәсіби журналистік қоғамдастық "БАҚ-тар туралы" жаңа заңның жобасын жасады. Сол себепті қоғамдық сарапшылар палатасы осы құжаттың талқылауларынан тысқары қала алмайды",- деді Д.Назарбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны