15.04.2009, 16:44 3027

БАҚ-тарға мемлекеттік тілде елу пайыздық хабар тарату жөніндегі заң нормасын орындамағаны үшін жаза жүктеледі - Құл-Мұхаммед

БАҚ-тарға мемлекеттік тілде елу пайыздық хабар тарату жөніндегі заң нормасын орындамағаны үшін жаза жүктеледі - Құл-Мұхаммед

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік тілде елу пайыздық хабар тарату жөніндегі заң нормасын орындамағаны үшін жаза жүктеледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгін мекеменің алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Кейбір Бұқаралық ақпарат құралдарына ауызша ескертулер берілді. Оларға әзірге заңның нормасын орындауы үшін мүмкіндік беріліп отыр. Бірақ уақыт өте келе заңды өрескел бұзушылар лайықты жазасын алады", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны