15.07.2008, 11:56 1374

Баку - Тбилиси - Карс темір жолы Кавказ бен Қазақстанның географиясын жаппай жалғастырады - Түркияның көлік және коммуникациялар министрі

Баку - Тбилиси - Карс темір жолы Кавказ бен Қазақстанның географиясын жаппай жалғастырады - Түркияның көлік және коммуникациялар министрі

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Баку - Тбилиси - Карс темір жолы - тек Түркия, Изербайжан және Грузияны ғана жалғастырып қоймайтын, Кавказ бен Қазақстанның географиясын жаппай Қытайдан Еуропаға дейін жалғастыратын аса маңызды жоба болып табылады. Бұл туралы Изербайжанның Trend Capital ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Түркияның көлік және коммуникациялар министрі Бинели Йылдырым мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Trend Capital ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Б. Йылдырымның айтуынша, көптен бері сөз жүзінде қалып келген бұл жоба 2004 жылдан бастап жанданды. 24 шілдеде Карста (Түркия) жолдың түркиялық бөлігінің іргетасын қалау рәсімі өтеді. Оған Изербайжан президенті Ильхам Илиев, Грузия президенті Михаил Саакашвили мен Түркия президенті Абдулла Гүл, сондай-ақ, барлық үш елдің көлік министрлері қатысады.

Баку - Тбилиси - Карс темір жолы 2011 жылы пайдалануға беріледі. Бастапқыда бұл бағытта жылына 1 млн жолаушы мен 6 млн 500 мың тонна жүк тасымалдау межеленген. 2034 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 3 млн жолаушы мен 17 млн тонна жүкке жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны