19.11.2012, 17:28 3965

Бакуде Қазақстанның Мәдениет күндері ашылды

Мәдениет күндерінің ашылуы алдында Изірбайжанның Мәдениет және туризм министрі Абульфас Гараев, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай және басқа да қонақтар Изірбайжанның мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ашылған фотокөрмемен танысты.

Баку. 19-қараша. Kazakhstan Today - Бакуде Қазақстанның Мәдениет күндері ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Изірбайжанның мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Изірбайжандағы Қазақстанның Мәдениет күндеріне арналған салтанатты шара өтті.

Мәдениет күндерінің ашылуы алдында Изірбайжанның Мәдениет және туризм министрі Абульфас Гараев, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай және басқа да қонақтар Изірбайжанның мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ашылған фотокөрмемен танысты.

Көрмеге Қазақстанның табиғаты, мәдениеті, тарихи ескерткіштері, спорттық жетістіктері мен қазіргі өмірі туралы баяндайтын 127 фотосурет қойылды.

Кейін Мәдениет күндері аясында Қазақстан өнер иелерінің қатысуымен гала-концерт өтті.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, концертке Қазақстанның халық әртісі Илібек Дінішев, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзия Стамбек, Сүндет Байғожин, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Ескендір Абжанов, Нұркен Ишіров, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Капонова, Сондай-ақ академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрі, "Гүлдер" би ансамблі, "Тұран" тобы және басқалар қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны