16.05.2007, 16:47 3027

Бакуде мамырдың аяғында Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың бірінші конференциясы өтеді

БАКУ. 16-мамыр. Kazakhstan Today. 23-25-мамырда Бакуде Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың бірінші конференциясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Изербайжанның экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

"Бас қосу барысында "Негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың конференциясының процедуралық ережелері", "Негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың конференциясының қаржылық ережелері", Негіздемелік конвенцияның ұйымдастырушылық құрылымы жөніндегі құжат пен басқа да бірқатар құжаттар қабылданады. Шараның қорытындысы бойынша тараптардың бірінші конференциясының декларациясы қабылданады",- деп хабарлайды министрлік.

Конференцияға Негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ, Каспийді қоршай орналасқан мемлекеттердің экологиялық мекемелерінің министрлері мен министрлердің орынбасарлары деңгейіндегі өкілдері қатысады.

Конвенция 2003-жылдың 4-қарашасында Тегеранда хатталған. Оған Изербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан қол қойды.

Бұл конвенцияның мақсаты Каспий теңізіндегі қоршаған ортаны барлық ластау көздерінен қорғау, сондай-ақ, Каспий теңізінің ресурстарын күзету, сақтау мен тиімді пайдалану болып табылады. Құжатта сонымен қатар Каспий теңізі ортасын күзету, сақтау мен қалпына келтірудің, оның ластануының алдын алуға бағытталған тиісті шараларды дербес немесе бірлесе қабылдау қарастырылған.

Конвенция ережелерін орындауда келісуші жақтар басшылыққа алатын басты принциптердің бірі - "ақшаны ластаушы төлейді" деген принцип болмақ. Оған сәйкес теңіздің бассейніне кері әсер еткен жақ Каспийдегі теңіз ортасының ластануының алдын алу, бақылау мен азайтуға бағытталған шаралардың шығынын өз мойнына алады.

Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны Изербайжан 2006-жылдың сәуірінде бекітті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны