Система Orphus

Бакуде Түрікменстанмен әскери саладағы ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін атап отыр

08.04.2008, 10:24 1276

Баку. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Дүйсенбі күні Бакуге екі күндік ресми сапармен келген Түрікменстанның қорғаныс министрі Агагелді Мамедгелдиев өзінің әзербайжандық әріптесі Сафар Ибиевпен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Изербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, кездесу барысында С. Ибиев екі ел арасындағы әскери саладағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне тоқталды. "Түрікменстан мен Изербайжан тарихи тамыры ортақ бауырлас елдер. Сондықтан бұл бізді жоғарғы деңгейдегі жақындастыққа итермелеп отыр", - деді ол.

Ол сондай-ақ, А. Мамедгелдиевтің сапарын екі ел арасындағы әскери саладағы қатынастардың басы ретінде қабылдайтынын хабарлады.

"Изербайжан мен Түрікменстан арасындағы әскери және әскери техникалық ынтмақтастықты дамыту қажетті мәселе ретінде басты назарда болуы керек", - деді С. Ибиев.

А. Мамедгелдиев Изербайжан мен Түрікменстан арасындағы әскери қатынастарды дамыту екі елдің де мүддесіне сай екендігін атап көрсетті. Ол сонымен қатар, Изербайжанның аумақтық тұтастығын Түрікменстанның танитыны жөнінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, А. Мамедгелдиев Изербайжан президенті Ильхам Илиевпен кездесті.

"Изербайжан мен Түрікменстан барлық салаларда, атап айтқанда, саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық салаларда ынтымақтасу үшін жақсы мүкіндіктерге ие", - деп мәлімдеді Изербайжан президенті И. Илиев.

Изербайжан президентінің әкімшілігінен хабарланғандай, кездесу барысында И. Илиев екі елдің халқы әрқашан достық және ынтымақтастық жағдайында өмір сүргені жайында әңгімеледі және осы екі елдің туелсіздігінің қазіргі кезеңінде бауырластық сипаттағы өзара қарым-қатынастарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Изербайжан басшысы сондай-ақ, екі елдің қорғаныс мекемелері арасындағы ынтымақтастық екі жақты қатынастардың кеңеюіне жол ашатынын атап көрсетті.

Өз кезегінде А. Мамедгелдиев Изербайжан мен Түрікменстанның қорғаныс министрлері арасындағы ынтымақтастық өзара байланыстар мен өзара тәжірибе алмасуды кеңейту тұрғысынан алғанда аса пайдалы болатынын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны