30.10.2007, 14:17 2629

Бакуде түркі қоғамдарының достығы мен ынтымақтастығы жөніндегі сьез өтеді

Бакуде түркі қоғамдарының достығы мен ынтымақтастығы жөніндегі сьез өтеді.

Баку. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бакуде 17-19 қарашада түркі қоғамдарының достығы, бауырластығы мен ынтымақтастығы жөніндегі тоғызыншы сьезі өтеді, деп хабарладйы агенттік тілшісі Шетелдерде тұратын әзербайжандықтармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Съезд Изербайжан президенті Ильхам Илиевтің бастамасымен өткізіледі. Бұл шараның мақсаты түркі елдері арасындағы бауырластық, достық байланыстарды нығайту, олардың арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға саяды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Съез шеңберінде түркі халықтары арасындағы мәдениет, ғылым, техника, білім беру, экономика, сауда, туризм, саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, армян-әзербайжан және Нагорный Карабах шиеленісі, Солтүстік Кипрдегі ахуал, Иранк пен ауғанстанда тұратын түркі тілдес халықтардың ахуалы жайлы мәселелер талқыланады.

Құрылтайға Изербайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Монғолия, Румыния, Болгария, Греция, Қырым, сондай-ақ, Ресейдің Алтай, Башқұртстан, Чувашия, Дағыстан, Кабардино-Балкария, Татарстан, Карачаево-Черкессия Республикасы секілді аймақтарының өкілдері қатысады. Бакуде өтетін сьезге , сондай-ақ, АҚШ, Таяу Шығыс Ауғанстандағы түрік қоғамдарының өкілдері де келмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны