12.07.2006, 13:58 2851

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының ашылу рәсіміне алты президент пен жиырма үкімет басшысы қатысады

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. 13-шілдеде Түркияның Жейхан қаласында өтетін Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының ашылу рәсіміне алты президент пен жиырма үкімет басшысы қатысады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне шараны ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

Атап айтсақ, ресми салтанатты шараға Түркия президенті Ахмет Недждет Сезер, Изербайжан президенті Ильхам Алиев пен Грузия президенті Михаил Саакашвили қатысатынын ресми түрде растаған. Сонымен бірге шараға Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Джордж Буш шақырылған.

Сонымен бірге мұнай құбырының ашылу рәсіміне 38 сыртқы істер министрі мен 76 энергетика министрі қатысады.

Салтанатты шара Юмурталык айлағындағы «BTC Торен Аланы» алаңында өтеді. Шара барысында Баку-Тбилиси-Жейхан экспорттық мұнай құбырының соңғы негізгі бөлігіне алтын құбыр дәнекерленеді.
Шараны ұйымдастыру комитетінен хабарлағанындай, оқиға туралы ақпаратты таратуға 400 журналист келді. Соның ішінде жергілікті БАҚ-тардан 292 журналист пен 116 шетелдік журналист келген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны