15.12.2015, 19:45 19834

Бал контрабандасы

Кеше (14.12.15 ж.) сағат 16. 45-тер шамасында Мақаншы шекара отрядыныӊ "Бақты" бақылау бөлімшесінде (қазақ-қытай шекарасы) шекара наряды "Yotong" маркалы автобуспен біздіӊ елімізден көрші мемлекетке қарай кетіп бара жатқан 1992 жылы туған "Дәулет" есімді қазақстандық азаматты ұстады

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше (14.12.15 ж.) сағат 16. 45-тер шамасында Мақаншы шекара отрядыныӊ "Бақты" бақылау бөлімшесінде (қазақ-қытай шекарасы) шекара наряды "Yotong" маркалы автобуспен біздіӊ елімізден көрші мемлекетке қарай кетіп бара жатқан 1992 жылы туған "Дәулет" есімді қазақстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барысында оныӊ ҚХР-ға өзімен бірге жалпы салмағы 465 кг, әрқайсысына 12 банкіден салынған 13 қораппен табиғи бал әкетіп бара жатқандығы анықталды. Алып бара жатқан балдыӊ 300 кг-ы ғана жарияланыпты, ал қалған 165 кг-ын заӊсыз алып өтпек болған екен. Ұсталған азаматтыӊ ісі мен жүгін Үржар аудандық прокуратурасы арқылы осы ауданныӊ кеден комитетіне тапсыру жоспарлануда.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны