28.02.2012, 13:49 4501

Бала күтімі жәрдемақысы құжатсыз және 7 күнде әзірленетін болады

"Бала туғанда және оны күтуге берілетін жәрдемақы тағайындау қызметі бүгінде жәрдемақы алатын кезде ұзақ уақыт алады. 7 құжат алу қажет. Және оны жинау үшін баланың анасына немесе оның зайыбына белгілі бір уақыт қажет", - деді министр.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - , Бала күтімі жәрдемақысын дайындау мерзімі 7 күнге дейін қысқарады, сонымен бірге қандай да бір құжат жинаудың қажеттілігі болмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Көлiк және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "бала туғанда және оны күтуге берілетін жәрдемақы тағайындау қызметі бүгінде жәрдемақы алатын кезде ұзақ уақыт алады. 7 құжат алу қажет. Және оны жинау үшін баланың анасына немесе оның зайыбына белгілі бір уақыт қажет", - деді министр.

Жұмағалиев бұл уақыт кейде бір айға созылатынын атап өтті.

"Сондықтан біз жыл соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп бұл үдерісті барынша жеделдетіп, 7 күнге дейін қысқартамыз және сонымен бірге ешқандай құжат ұсынудың қажеттілігі болмайды", - деп мәлімдеді Көлік министрлігінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны