23.02.2016, 18:22 3974

Бала ұрлады деген күдікті әйел ІІБ өзі келді

Оӊтүстік Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жасар баланы ұрлады деп күдіктелген әйелдіӊ бірі бүгін Ордабасы АІІБ-на өзі келген. Бұл туралы ОҚО ІІД мемлекеттік тілдер және ақпарат басқармасыныӊ бастығы Спабек Жарқынбеков мәлімдеді

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жасар баланы ұрлады деп күдіктелген әйелдіӊ бірі бүгін Ордабасы АІІБ-на өзі келген. Бұл туралы ОҚО ІІД мемлекеттік тілдер және ақпарат басқармасыныӊ бастығы Спабек Жарқынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Басқарма бастығыныӊ айтуынша күдікті ретінде саналған Сәндікүл Сүйіндік кеше өзін телеарналардан көріпті. Сөйтіп өзініӊ кінәсіздігін дәлелдеу үшін Алматыдан арнайы келген, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

"Тергеушілеріміз бұл әйелді де жаппай іздестіріп жатқан болатын. Оныӊ тұрақты мекенжайы, үйі болмаған соӊ табу да қиынға соғатын еді. Дегенмен ол өзін жаӊалықтардан көріп, бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айту үшін келіпті. Қалай болғанда да тергеу жүріп жатыр. Сондықтан алдын ала бірдеӊе айтуға болмайды. Енді күдікті ретінде сол фотороботтағы әйел қалып тұр. ІІД қызметкерлері қазір сол әйелді іздестіруде",-деді Спабек Жарқынбеков.

Ал жоғалған Мұхамедтіӊ әкесі Қазыбек Ағабеков болса ол фотороботтағы күдіктіні табу қиынға соғуы мүмкін дейді. Себебі, Амангелді ауылына келіп, ұлын ұрлап кеткен әйелдіӊ бет-бейнесін ешкім де анықтап қарамаған.

"Таӊертеӊ орамал тартқан әйел аудандық ІІБ-на өзі келгенін көрдік. Содан бері онымен әлі ешкім тілдескен жоқ. Ал ана екінші қалпақ киген әйелді табу қиындау болып тұр. Өйткені, оны аудан орталығынан алып келген такси жүргізушісі де, жанында отырғандар да түрін жаттап қалмаған. Анау жасалған фоторобот та бар болғаны 50 пайызға ұқсайды. Тым болмағанда 70-80 пайызға ұқсағанда да табу оӊай болар ма еді. Қазір барлық жерге барып жатырмыз. Бірақ баламыздан әлі хабар жоқ",-деді Қазыбек Ағабеков.

Еске сала кетейік, ОҚО полицейлері 20-шы ақпан күні алты жасар Мұхаммед Қамшыбектіӊ із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын. Күдікті ретінде алып кеткен әйелдіӊ фотороботы жасалып, оған іздеу жарияланған. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 125-ші "Адам ұрлау" бабымен іс қозғалып, жеткіншекті іздестіру шаралары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны