14.04.2009, 18:53 5926

Балабақша жасындағы балаларға арналған "Балақайлар үшін қазақ тілі" атты әдістемеге байқау жарияланды

Балабақша жасындағы балаларға арналған "Балақайлар үшін қазақ тілі" атты әдістемеге байқау жарияланды

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Балабақша жасындағы балаларға арналған "Балақайлар үшін қазақ тілі" атты әдістемеге байқау жарияланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін тиімді оқытатын үздік әдістемеге байқау жариялайды. Республикалық деңгейде өтетін байқаудың аты "Балақайлар үшін қазақ тілі" деп аталады. Бұл байқау мемлекеттік тілдің балабақшадан бастап қанат жаюы үшін және педагогтарды осы іске жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

"Қазақстанда тұратын кез-келген ұлттың өкілі балабақшадан бастап қазақ тілін үйренуі тиіс. Бұл дәстүрге айналса сол баланың болашақ жолын ашады. Ирі мемлекеттік тіл саясатының оң шешім табуына бірден-бір жол болмақ", - дейді қор директоры Берік Ибдіғалиев.

Балақайлардың болашағы үшін жарияланып отырған байқауға мектепке дейінгі мекемелерде еңбек етіп жүрген білікті педагогтар, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, лингвист-ғалымдар, жалпы қоғамдық ұйымдар қатыса алады.

Байқауға қатысқысы келетін жекелеген тұлғалар мен ұжымдар өз жұмыстарын 15 сәуірден 1 қыркүйекке дейін жіберуіне болады.

Үздік әдістемелер Мемлекеттік тілді дамыту қорының ақшалай сыйлығына ие болады. Мәселен, бірінші орын - 300 мың, екінші орын - 200 мың, ал үшінші орын үшін 100 мың теңге беріледі, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны