13.08.2015, 12:00 3370

Балабақшада бүлдіршіндерді көлігімен таптап кеткен Т. Семченко 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды - Алматы

Бүгін Иуезов аудандық соты балабақшада 5 жасар бүлдіршінді таптап кеткен Тойота Лэнд Крузер жүргізушісі Татьяна Семченкоға қатысты сот үкімін шығарды

Алматы. 13 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Иуезов аудандық соты балабақшада 5 жасар бүлдіршінді таптап кеткен Тойота Лэнд Крузер жүргізушісі Татьяна Семченкоға қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Судья Бақытжан Исенов айыпталушыныӊ өз кінәсін толық мойындауына байланысты Қылмыстық Кодекстіӊ 345-бабы, 3-бөліміне сәйкес оны кінәлі деп тауып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, жазасын қоныс-колонияда өтеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сондай-ақ, айыпталушы 5 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Үкім заӊды күшіне енген жоқ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Т.Семченконыӊ қорғаушысы судьяға айыпталушыныӊ денсаулығына байланысты бас бостандығынан айырмай, басқаша жаза қолдануды сұрап өтініш жазды. Татьяна Семченко қатерлі ісік дертініӊ 3-4 кезеӊінде екен. Осыған байланысты қос тарап арасында процессуалды келісім жасалды.

Процессуалды келісім аясында прокурор айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, жазасын қоныс-колонияда өтеуін сұраған болатын. Өз кезегінде Татьяна Семченко кін?сін толығымен мойындайтынын жеткізді.

"Мен кін?мді өмір бойы арқалап өтемін. Мені қамаудан босатып жапа шеккен балалардыӊ денсаулығын оӊалтуға мүмкіндік беруіӊізді сұраймын. Меніӊ көлігім түрлі төтенше жағдайлардан сақтандырылған. Оны қорғаушым анықтады", - деді Т.Семченко.

Айта кетейік, төтенше жағдай 20 мамырда болған еді. "Тойота Лэнд Крузер" көлігі №58 балабақшаныӊ шарбағына соғылып, аула ішіндегі үйшікті қиратқан болатын. Сол сәтте алаӊда ойнап жүрген 5 жастағы балдырған қыз көз жұмды, сегіз бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, олардыӊ екеуі жансақтау бөліміне түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны