10.08.2015, 16:40 3621

Балабақшадағы көлік апатынан зардап шеккен қыздыӊ әкесі 1,5 млн. теӊге айыппұл талап етіп отыр

Бүгін Иуезов аудандық сотында №58 балабақшаныӊ қоршауын қиратып, көлігімен 5 жасар қыз баланы басып өлтірген Татьяна Семченконыӊ ісі қаралды. Салдарынан 3 бала ауыр жараланғанын атап өту керек

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Иуезов аудандық сотында №58 балабақшаныӊ қоршауын қиратып, көлігімен 5 жасар қыз баланы басып өлтірген Татьяна Семченконыӊ ісі қаралды. Салдарынан 3 бала ауыр жараланғанын атап өту керек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сот отырысы барысында тағы бір жапа шегуші 5 жасар Салтанат Сұлтанғалидыӊ әкесі Алмас Мұхамеджанов айыпталушыны жазалауды өтінді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Алайда, олар тергеу материалдары бойынша жапа шегуші ретінде тіркелмеген болып шықты. Оныӊ айтуынша, жапа шеккен ата-аналардыӊ көпшілігі назардан тыс қалып қойған.

"Оқиға болғаннан кейін меніӊ әйелім қалалық МАИ инспекциясына арыз жазған. Тергеушілерге де Семченконы жазаға тарту туралы арызын жазып қалдырған. Содан кейін ешкім хабарласқан жоқ. Сот болып жатқанын интернеттен көрдік. Меніӊ қызым - көліктіӊ дөӊгелегініӊ астында қалған 3 баланыӊ бірі. Миы шайқалды, бүйректеріне зақым келді. Мен де ол кісіні міндетті түрде қамауды талап етпеймін. Маған тек қызымныӊ емдеу шығынын көтеріп берсе болды. Енді екі жыл біз жүйке жүйесі дәрігерініӊ табалдырығын тоздыруымыз керек. Мен оны қазір 1,5 млн. теӊге ретінде бағалап отырмын", - деді Алмас Мұхамеджанов.

Судья Алмас Мұхамеджановтыӊ өтінішін келесі отырыста қарайтынын жеткізді.

Бүгін қос тарап арасында өзара келісімге келу туралы процессуалды келісім жасалды.

Судья Бақытжан Исенов ҚР ҚК 623-бабына сәйкес аталған келісімді қарап шешім шығару үшін келесі сот отырысын 13 тамызға ауыстырды.

Айта кетейік, төтенше жағдай 20 мамырда болған еді. Тайота Лэнд Крузер көлігі №58 балабақшаныӊ шарбағына соғылып, аула ішіндегі үйшікті қиратқан болатын. Сол сәтте алаӊда ойнап жүрген 5 жастағы балдырған қыз көз жұмды, сегіз бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, олардыӊ екеуі жансақтау бөліміне түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны