02.05.2020, 13:58 7948

Балалар мен жастарды патриоттық танытқаны үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі қаулы жарық көрді

Балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №248 Қаулысы жарық көрді

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №248 Қаулысы жарық көрді.

Қаулы мәтінінде былай делінген:

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы 4-бабының 5-3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорыон төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым (әкімші) болып айқындалсын.

2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны