26.06.2013, 09:56 2696

Балалар үшін Қырғызстан мен Қазақстан шекарасынан өтудің жеңілдетілген тәртібі енгізілді

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, енді балаларға фотосуреті бар қосымша анықтаманың қажеті жоқ.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - Балалар үшін Қырғызстан мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтудің жеңілдетілген тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, енді балаларға фотосуреті бар қосымша анықтаманың қажеті жоқ.

Енді 25 маусымнан бастап 16 жасқа толмаған азаматтар шекарадан фотосуреті бар, Қырғызстан немесе Қазақстан азаматтығы көрсетілген қосымша анықтамасыз өте алады.

Екі елдің шекара қызметтерінің арасындағы аталмыш келісім жазғы туристік маусым кезінде әрекет ететін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны