07.09.2017, 15:06 4915

Балаларды оӊалтудыӊ ұлттық орталығына және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына биыл 10 жыл толады

2017 жылғы 21-22 қыркүйек күндері Балаларды оӊалтудыӊ ұлттық орталығыныӊ 10 жылдығына арналған "Реабилитологияныӊ басым бағыттары" атты V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және 2017 жылғы 19-20 қазан күндері Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығыныӊ 10 жылдығына арналған "Ана мен бала денсаулығын қорғаудыӊ өзекті мәселелері" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді

Алматы. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ барлық денсаулық сақтау мекемелері үшін эталон болып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне озық халықаралық тәжірибелерді трансферттеу мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ тікелей тапсырмасымен ашылған озық клиникалар - Балаларды оӊалтудыӊ ұлттық орталығына және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына биыл 10 жыл толады.

Қазіргі таӊда аталған клиникалар "Назарбаев университет" ДБҰ-ныӊ еншілес ұйымы - "University Medical Center" корпоративтік қорыныӊ құрамына кіреді.

Өткен 10 жыл ішінде Балаларды оӊалтудыӊ ұлттық орталығы және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды. Түрлі сырқаттар бойынша емдеудіӊ халықаралық озық әдістерін енгізу есебінен жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстанда бұған дейін қолданылмаған инновациялық технологияларды енгізіп, республика өӊірлеріне таратты. Жыл сайын ондаған мыӊ науқасқа жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі.

"University Medical Center" корпоративтік қоры өз салалары бойынша көшбасшы саналатын аталған екі орталықтыӊ өткен жолын таразылап, болашақ жоспарын көпшілікпен бірге талқылау үшін ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, 2017 жылғы 21-22 қыркүйек күндері Балаларды оӊалтудыӊ ұлттық орталығыныӊ 10 жылдығына арналған "Реабилитологияныӊ басым бағыттары" атты V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және 2017 жылғы 19-20 қазан күндері Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығыныӊ 10 жылдығына арналған "Ана мен бала денсаулығын қорғаудыӊ өзекті мәселелері" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді,- деп хабарлайды "UMC" корпоративтік қорыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны