06.09.2007, 14:21 2007

"Балаларды СПИД-тен қорғау" қорының басшысы ауысты

"Балаларды СПИД-тен қорғау" қорының басшысы ауысты.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысының "Балаларды СПИД-тен қорғау" қорының басшысы ауысты. Қордың жуықта өткен жалпы отырысында оның мүшелері бұрынғы төрағасы Сағадат Масауровты қайта сайлауға бір ауыздан дауыс берді. Оның орнын ВИЧ індетін жұқтырған баланың әкесі, С. Масауровтың күйеу баласы Қанат Илсейітов басты, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Қордың жаңа төрағасы журналистерге қордың қаржылық ахуалы туралы мәліметтерді хабарлады. Оның айтуынша, "бүгінде қор қаржысында 30 млн теңге бар, ал есепте 122 отбасы тұр. Жұмыс барысында жәбірленуші балалардың отбасыларына 170 слн теңге бөлінген". "Қазіргі уақытқа дейін 78 отбасы 1,5 млн теңгеден алған, ал 44 отбасы 1 миллион теңгеден алып отыр",- деді Қанат Илсейітов. Ол, сондай-ақ қордың қаржысы шектеулі екендігін айтып өтті. "Ирине біз барлық ата-аналарды осы қаржының аясында теңестіруге тырысамыз. Бірақ қазіргі уақытта қамқорлық кеңесі жаңадан түскен балаларға көмек көрсету жөнінде шешім қабылдаған, ал бір миллионнан алған отбасыларына 500 мың теңгеден беру мәселесі уақытша тоқтатылған",- деп түсіндірді Қанат Илсейітов.

Бұрын хабарлағанымыздай, соңғы мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балаларды саны 132 баланы құрап отыр, оның 10 қайтыс болған, біреуін шетелге асырап алып кеткен. ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны 17 адамды құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны